ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды
2022 жылғы 29 наурыз 01:29

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 29 наурыз таңертең Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ТМД ПАА кеңесінің салтанатты отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «ТМД парламенттері» телеграм арнасы мәлім етті.

«Салтанатты шара тарихи жерде өтеді. Себебі, 1992 жылғы 27 наурызда дәл осы Алматыда Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан парламенттерінің төрағалары ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойды. Кейінірек оларға Әзербайжан мен Молдова парламентшілері қосылды», - делінген телеграм арнадағы хабарламада.

Салтанатты отырысқа спикерлер бастаған ТМД ПАА қатысушы елдердің парламенттік делегациялары қатысады.

Жиынды халықаралық ұйымның Youtube арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT