ТМД Парламентаралық ассамблеясына тағы бір мемлекет қосылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД Парламентаралық ассамблеясының құрамына биыл немесе келесі жылы тағы бір мемлекет қосылуы ықтимал. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға (ХЭФ) қатысып жатқан ТМД ПА бас хатшысы Юрий Осипов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәл қазір бізге жаңа мүшелердің қосылуына жақсы мүмкіндік бар. Мен қандай мемлекеттер туралы сөз болып жатқанын айтқым келмейді. Себебі, әлі ерте. Бірақ қазіргі уақытта біз айтарлықтай салмақты келіссөздерді жүргізіп, өзара құжаттарды алмасып, мәселенің мәнісін терең зерттеп жатырмыз. Өйткені, мемлекет тарапынан жарна керек. Менің ойымша, биыл болмаған жағдайда келесі жылы ТМД-ға тағы бір мемлекет мүше болып кіріп қалуы керек», - деді ол.

Мәселе Достастық ұйымына ма, жоқ парламентке қатысты болып отыр ма, деген сауалға Осипов - «ТМД Парламенттік ассамблеясына» деп жауап берді.

Айта кетсек, Парламентаралық ассамблея - Достастық ұйымына мүше елдердің ұлттық парламенті үшін ұсыныс әзірлейтін мемлекетаралық орган. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан мен Украина елдерінің парламенттерінің мүшелері енеді.

Аталған елдерден бөлек ТМД-ға сонымен қатар Өзбекстан мен Түрікменстан, ал бақылаушы құқығында Ауғанстан мен Моңғолия енеді.

Соңғы жаңалықтар