ТМД ПА Кеңесі отырысының шеңберінде Сенат Төрағасы Қ. Мәми РФ Федералдық Кеңесінің төрайымымен және Мемлекеттік дума төрағасымен кездесті

None
None
ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жақында Санкт-Петербор қаласында өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми РФ Федерация Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен және РФ Федаралдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызловпен кездесті.

Жүздесу барысында Қ. Мәми өзінің әріптесін Ресей Парламентінің басшысы қызметіне сайлануымен құттықтап, екі елдің заң шағармашылығы органдары арасындағы қатынастың жоғары деңгейін атап өтті. «Ресеймен қарым қатынас Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады», - деген Сенат спикері қазақстандық-ресейлік өзара байланыстың екіжақты, сондай-ақ көпжақты форматтағы перспективаларын атап өтті.

Парламентаралық байланыстарды одан әра дамыта түсу мәселелеріне тоқталған Сенат Төрағасы, Парламент Сенаты мен РФ Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық топтарының қызмет нәтижелерін жоғары бағалады. «Қазақстандық және ресейлік депутаттар ТМД ПА шеңберінде де белсенді жұмыс істеуде», - деген Қ. Мәми Ассамблеяның халықаралық беделін арттыра түсуді қолдайтынын жеткізді.

Ал Мемлекеттік Дума төрағасы Б. Грызловпен жүздесуі барысында Сенат спикері Қайрат Мәми «Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптес әрі көршілес дос ел болып табылатын Ресейдегі қоғамдық-саяси мәселелерге қызығушылығы зор» екендігін атап өтті. Бұл ретте Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау науқанының басталуына аз уақыт қалғанын жеткізген Қ. Мәми бұндай үдерісте «Единая Россия» партиясы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы ретінде Б. Грызловқа жетістіктер тіледі. «Парламенттік сайлау кез келген мемлекет тарихындағы аса маңызды іс-шаралардың бірі. Өйткені, дәл осы үдерістен мемлекеттік құрылым, экономикалық даму, халықаралық аренадағы елдің беделі айқындалып жатады», - деді Сенат спикері.

Соңғы жаңалықтар