+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

ТМД ПА бақылаушылары Молдовадағы парламент сайлауының мониторингін бастады

2019 жылғы 23 ақпан 19:00
Бөлісіңіз:
ТМД ПА бақылаушылары Молдовадағы парламент сайлауының мониторингін бастады

КИШИНЕВ. ҚазАқпарат - Кишиневте ТМД Парламентаралық ассамблеясының бақылаушылары Молдова Республикасы Парламенті сайлауында жұмысын бастады. Сайлау 24 ақпанда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Топтың үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және ТМД ПА Кеңес Хатшылығы басшысы - Бас хатшының уақытша міндетін атқарушы Дмитрий Кобицкий ұйымдастырушылық отырысын өткізді. Отырыс барысында қысқа мерімді мониторинг кезеңіндегі топтың міндеттері айқындалып, халықаралық бақылаушылар назарға алуы тиіс негізгі қағидаттар аталды.

Халықаралық демократияны, парламентаризмді дамыту мен ТМД ПА мүше-мемлекеттері азаматтарының құқығын қорғау мониторингі институты сарапшылар тобының басшысы Дмитрий Барышников қатысушыларға қысқа мерзімді мониторингтің қорытындысы туралы айтып берді.

ТМД ПА МАҚҚМИ директоры Дмитрий Гладей топ мүшелерін жуық арадағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен бірге, ол дауыс беру күні бақылаушылар шығатын бағдарларды атады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT