ТМД-ның Тұрақты өкілдері Минскіде бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 шілде күні Минскідегі ТМД-ның штаб-пәтерінде Достастықтың жарғылық және басқа органдары жанындағы ТМД-ға мүше елдердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТМД-ның Атқарушы комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отырыс барысында ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырыстарының күнтәртібі жобаларына қатысты мәселелерді, сондай-ақ ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысының күнтәртібі жобасына ұсыныстарды қарау көзделуде.

Онымен қоса, тұрақты өкілдер 2017 жылдың 11 қазанында ТМД Мемлекеттер басшыларының кеңесінде, 3 қарашасында Үкімет басшыларының кеңесінде, 10 қазанында Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған шешімдерден туындайтын ТМД-ның Атқарушы комитеті мен Тұрақты өкілдері кеңесінің Бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысын талқылайды. 

Соңғы жаңалықтар