ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Ашхабадта өтеді - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы ТМД-ға төрағалықты Түрікменстан атқарады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының төрағалығымен Душанбеде өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Кездесу барысында ТМД мемлекеттерінің басшылары достастық аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасып, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. Мәдени-гуманитарлық салада ТМД мемлекеттерінің басшылары Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған және Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары туралы бірлескен мәлімдемелер қабылдады», - дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің жетпіс жылдығын тойлау 2020 жылы өтеді.

«Осыған орай Мемлекет басшылары саммит барысында ұйымдастырушылық шараларды, сондай-ақ Отан қорғаушыларды мәңгі есте қалдыру шаралары бойынша 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғауды көздеген бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады. Сондай-ақ қабылданған шешімге сәйкес 2021 жылы «ТМД Мәдени астаналары» атты мемлекетаралық бағдарлама Тәжікстан Республикасында іске асырылатын болады», - деді ол.

Айбек Смадияров сондай-ақ, отырыс барысында Мемлекет басшылары екі халықаралық шартқа, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттағы зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияға және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

«2019 жылы ТМД-ға төрағалықты Түрікменстан атқарады. Осыған байланысты ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2019 жылы 19 қазанда Ашхабад қаласында өтеді», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар