+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

ТМД көлемінде темір жол арқылы жүк тасымалы 14,3% өскен

2019 жылғы 16 қазан 03:27
Бөлісіңіз:
ТМД көлемінде темір жол арқылы жүк тасымалы 14,3% өскен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 15-16 қазанында Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Минскіде өткен Достастыққа мүше-мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі 71-ші отырысының жұмысына қатысты.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді Түрік инвесторы «Qyzyljar» экономикалық аймағының алғашқы қатысушысы атанды Мұндай оқиға әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі - Елбасы теңгенің енгізілуі жайлы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа қатысушылар ағымдағы жыл басынан халықаралық қатынастағы жолаушылар кешенінің, темір жол желісін пайдалану жұмысының қорытындысын шығарды.

ТМД елдері темір жолдары желісі бойынша 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 1 млрд. 506 млн. тоннадан астам тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңі деңгейімен салыстырғанда 6% төмен. Теміржол әкімшіліктерінің көпшілігі өздеріне алған міндеттемелерін 100% орындады.

Достастық елдері темір жолдарымен контейнерлік жүк тасымалы өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 14,3% өскен.

Отырыста мемлекетаралық түйісу пунктерінің жұмыстарын жетілдіру, контейнерлік құрамдар қозғалысының кестесін орындау, пойыздарды құрастыру мен өткізумен байланысты, халықаралық қатынастағы жүктерді тасымалдауда ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі шаралар айқындалды.

2020 жылға барлық жылжымалы құрам бойынша жүк вагондарын пайдаланудағы қазіргі ставка көлемін сақтау туралы шешім қабылданды.

Отырыс барысында теміржол көлігі саласындағы нормативті-техникалық құжаттарын өзектендіру мәселелері қаралды.

2019 жылдың 1 қарашасынан Жүк вагондарын жедел қайтару режимінде бұзушылықтарды есепке алу тәртібі туралы әдістеме, сондай-ақ Халықаралық жолаушылар қатынасына қатысты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу күшіне енеді.

2019/2020 жылдарға арналған халықаралық қатынастағы вагон ағыны бағытының тәртібі, жүк пойыздары мен контейнерлі вагондарды құру жоспары, пойыздар қозғалысының кестесі бекітілді.

2019 жылдың 15 желтоқсанынан Жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасына өзгерістер мен толықтырулар іске аса бастайды.

Сондай-ақ вагон мен жолаушылар шаруашылығына, жүктерді тасымалдау мәселелері бойынша бірқатар құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Қабылданған шешімдер мемлекетаралық қатынастағы темір жол желісі қызметінің, жүктер мен жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруға, жылжымалы құрамды техникалық ұстап тұру, жөндеу жөніндегі жұмыстарды жақсартуға бағытталған.

Отырысқа қатысушылар 2019 жылдың мамырында өткізілген, жүк вагондарына номерлік санақ қорытындысын шығарды.

Отырыста Иран темір жол әкімшілігіне қауымдастырылған мүше статусы берілді.

Ағымдағы жыл қазанының соңында Таллинде өтетін алдағы XXVIII Тарифтік Конференцияда қабылданатын 2020 фрахталық жылына халықаралық қатынастағы жүк тасымалында ТМД мүше-елдері темір жолдарының тарифтік саясаты туралы мәселе талқыланды.

Толықтай алғанда, мүше-мемлекеттер темір жолы желісі бойынша жолаушылар мен жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын, теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі 10-нан аса мәселе қаралды және келісілді.

Минскіде өткен Достастыққа мүше-мемлекеттер теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 71-ші отырысының шеңберінде С. Мыңбаев бірқатар екіжақсы кездесулер өткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT