+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

ТМД-ға мүше елдердің шекарашылары Қырғызстанда бас қосады

2018 жылғы 14 қараша 17:10
Бөлісіңіз:
ТМД-ға мүше елдердің шекарашылары Қырғызстанда бас қосады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанда ТМД-ға мүше елдердің Шекара әскерлерін басқарушы кеңестің (ШӘБК) 80-ші отырысы ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Отырысқа 9 шекаралық ведомствоның делегациялары (Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан), Достастықтың бірқатар өзара әрекеттесуші органдарының басшылығы мен халықаралық ұйымдардың жұмыс құрылымы (Атқарушы комитет, Лаңкестікке қарсы орталық, Ұйымдасқан қылмыс және өзге де қауіпті қылмыс түрлерімен күресті ұйымдастыру бюросы, ҰҚШҰ Хатшылығы және ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитеті) қатысады.

Кездесу қазақстандық-қырғыз шекарасының маңында орналасқан Тоқмақ қаласында өтеді.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Орталық Азия аймағындағы сыртқы шекараларында қалыптасқан жағдай, ШӘБК қызметінің 2018 жылғы қорытындылары және 2019 жылға қойған міндеттер, бірлескен арнайы шекаралық операцияларды орындау нәтижесі мен оларды алдағы кезеңде ұйымдастыруға арналған.

Сондай-ақ Басқарушы кеңес уақытша жұмыс органдарының бірі - Үйлестіруші ғылыми кеңесті Ғылым және білім жөніндегі Үйлестіру кеңесіне өзгерту туралы шешім қабылдамақ.

Бұдан басқа, шара барысында шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты мәселелер талқыланып, ұйымдастыру және кадрлық сипаттағы бірқатар шешімдер қабылданады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ТМД, Қырғызстан, Әскер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT