ТМД-ға мүше елдер арасында Халықаралық мектеп спорты фестивалі өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 15-20 қараша күндері Уфа қаласында (Ресей) ТМД-ға мүше елдер арасында ІХ Халықаралық мектеп спорты фестивалі өтеді. ҚазАқпарат бұл туралы ТМД Парламентаралық ассамблеясы Кеңесі хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фестивальге Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен құрама командалар тобында 400-ден астам адам қатысатыны күтілуде.

Іс-шара шеңберінде дәстүрлі түрде шағын футболдан, волейболдан, 3х3 баскетболдан, үстел теннисінен, бадминтоннан, шахматтан жарыстар өтеді. Қатысушылар үшін сондай-ақ ауқымды мәдени білім беру бағдарламасы әзірленген: экскурсиялар, Башқұртстан халқының мәдениетімен және дәстүрімен танысу, танымал спортшылардан шеберлік сабақтар, кино көру және би кештері.

ТМД-ға мүше елдер арасында Халықаралық мектеп спорты фестивалін өткізіп тұру бастамасын 2012 жылы Бүкілресейлік мектеп спорты федерациясы көтерген. 2013 жылдан бері іс-шара РФ-нің түрлі өңірлерінде ұйымдастырылып келеді.


Соңғы жаңалықтар