ТМД елдерінің СІМ басшылары Душанбеде бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қыркүйекте Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«ТМД Сыртқы саяси ведомство басшылары Достастық шеңберінде күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер мен  өзара әрекеттесудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады. ТМД қызметінің негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерінің кең ауқымын қарастырады», - деп хабарлады ТМД Атқару комитетінен. 

Соңғы жаңалықтар