ТМД елдерінің невролог дәрігерлері Алматыда бас қосуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда невролог дәрігерлердің республикалық конференциясы өтіп жатыр. Шара «ҚР тұқым қуалайтын жүйке-бұлшықет ауруларына шалдыққан балаларға медициналық көмекті жетілдірудің 2018-2019 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде ұйымдастырылған, деп хабрлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың жүйке жүйесі ауруларының генетикалық негіздерін зерттеу - олардың кең таралуы, ауыр түрде өтуі және балалардың мүгедектігіне әкелуіне байланысты өзектілікке ие. Мүгедектіктің қалыптасуы, көптеген аурулардың тез асқынуы, көпжүйелік асқынулар, тұқым қуалайтын аурулары бар науқастардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығының азаюы, орфандық мәртебе бұл аурулардың медициналық-әлеуметтік жағынан маңызды болуына себеп», - дейді «Балалар неврологтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Маржан Лепесова.

Шараға Қазақстан мен ТМД-ның өзге елдерінің балалар неврологтары, педиаторлар, неонатологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен клиникалық генетиктер қатысуда. Дәрігерлер науқастарды емдеу тәсілдерімен өзара тәжірибе алмасып, осы дертке қатысты проблемаларды бірлесіп шешуде.

«Екі күнге созылатын республикалық конференция аясында пленарлық дәрістер, фармацевтикалық, диагностикалық өнім мен ғылыми-медициналық әдебиет көрмелерін өткізу жоспарда. Жалпы, генетика саласындағы зерттеулерді неврологиялық ауруларға қолдануға болады», - дейді мамандар.

Конференция жұмысына Швейцария, Франция және Рессейдің невролог дәрігерлері модераторлар ретінде арнайы шақыртылған.


Авторы Алма Мұқанова

Соңғы жаңалықтар