ТМД елдерінде мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жаңа салаларды қамтуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД елдерінде мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жаңа салаларды қамтуда. Бұл туралы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды бағыты жастар саласындағы байланыстарды нығайту болып саналады. ТМД жастар астанасы туралы қабылданған ереже және басқа да бірқатар практикалық шешім осы мақсаттарға қызмет етеді. Ғылыми саладағы өзара іс-қимылды кеңейтуге биыл қабылданған перспективалы ғылыми жобалардың тізбесін іске асыру ықпал жасайды. Ол ақпараттық технологиялар, нано-материалдар, гендік инженерия, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, жаңартылатын энергетика және ғарышты зерттеу сияқты салаларды қамтиды», - деді ҚР Үкімет басшысы.

ҚР Премьер-Министрі ТМД кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілгенін баса айтты.

«Салалық органдардың өткен отырыстарының күн тәртібінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тәсілдерді үйлестіру мәселелері болды. Ақпараттық саладағы қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл мақсаттарға ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын жүзеге асыру бойынша қабылдаған бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын іске асыру негіз болмақ. Жұмысымызда мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың жоғары динамикасын қолдауға баса көңіл бөлдік. Бүгінде бұл бағытта көптеген жоба жүзеге асырылуда, жаңа салалар қамтылуда. ТМД мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры өз қызметін табысты жалғастырып отыр», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар