ТМД елдері өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бейілділігін қуаттады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД елдері сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетеді. Бұл туралы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мұнан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша сындарлы диалог болды. Барлық елдің Достастық ынтымақтастығы аясында көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бейілділігі тағы да расталды. Сыртқы экономикалық бағдарда ортақ міндеттерді шешу үшін күш-жігерді біріктіру бойынша достық және мүдделі пікір алмасу өте пайдалы болды», - деді Әлихан Смайылов.

ҚР Премьер-Министрі ТМД Үкімет басшылары қазақстандық төрағалықтың Достастық қызметінің негізгі бағыттарын дамытуға қосқан зор үлесін атап өткенін, іске асырылған іс-шаралардың практикалық маңыздылығына тоқталғанын айтты.

«ТМД кеңістігінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында мекемелер қызметтерінің еркін саудасы, қызметтер мен инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісім жобасында жұмысты аяқтау қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Оған келесі отырыс барысында қол қойылады деп жоспарлап отырмыз», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар