ТМД елдері ойындары: Қазақстандық боксшылар 4 салмақта чемпион атанды

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында боксшылар бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жарыс барысында 2005-2006 жылдары дүниеге келген спортшылар бақ сынады. Финалға шыққан қазақстандық 6 былғары қолғап шеберінің 4-і чемпион атанды.

Ел құрамасынан Анита Адишева (48 келі) өзбекстандық Робияхон Бахтиёрованы, Виктория Байдукова (54 келі) ресейлік Эвита Аверьяновадан басым түсті.

Ал 60 келідегі Ұлжан Сәрсенбек те өзбекстандық Мухлиса Тохированы қапы қалдырып ктеті.

Сондай-ақ, ел құрамасынан ұлдар арасында финалға жолдама алған жалғыз боксшы Мырзахан Мәуленов (66 келі) беларусьтік Владислав Кузнецовтан мықты екенін көрсетті.

Қазақстандық Бақыт Сейдіш (70 келі) пен Томирис Мырзақұл (52 келі) финалда қарсыластарына жол берді.

Алғашқысы өзбекстандық Ойша Тоироваға, екіншісі ресейлік Анастасия Коольге есе жіберді.

Қола жүлдеге қол жеткізгендер қатарында Жандарбек Ізбасаров (44-46 келі), Ислам Машкентаев (48 келі), Сұңғат Расулов (50 келі), Нұрислам Қалдыбаев (52 келі), Мадияр Отар (54 келі), Ерасыл Мұстафинов (57 келі), Ерсұлтан Төлеген (60 келі), Әділ Қасымов (63 келі), Әлинұр Өмірбеков (70 келі), Батырхан Сейтенов (75 келі), Нұрасыл Бауыржан (80 келі), Дельфина Әбілхан (44-46 келі), Карина Тоқубай (50 келі), Аружан Жаңабаева (66 келі), Назереке Рысбай (80 келі) бар.

Жалпы командалық есепте 4 алтынмен үшінші орын алды. Ал бірінші және екінші орындағы Ресей 15, Өзбекстан 7 алтын еншіледі.


Соңғы жаңалықтар