+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ТМД елдері кеден органдарының қызметін үйлестіретін құжат жетілдірілді

2019 жылғы 25 қыркүйек 11:31
Бөлісіңіз:
ТМД елдері кеден органдарының қызметін үйлестіретін құжат жетілдірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағашта шекарадағы кеден қызметін жандандыру мәселесі талқыланды Ақтөбеде он жыл бұрын жабылған Өзбекстанмен шекара бекеті ашылады Мемлекеттік кірістер комитеті «Қапланбек» кеден бекетіндегі жағдайға алаңдаулы

Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, жәрдемдесуге әрі өзара көмек көрсетуге бағытталған.

«Аталған ТМД мемлекеттері кеден қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін негізгі халықаралық шарт болып саналады. Келісімге қол қойылғаннан бері 25 жыл өтті, сол себепті аталған құжат нормаларын тиісті өзгерістер енгізу жолымен жетілдіру қажет», - деп түсіндірді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Самайылов.

Хаттама кеден саласындағы ТМД нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша ТМД елдерімен бірлесіп әзірленді.

«Мәліметтерді беру, сауалдардың мазмұны, сауалды орындау, алынған ақпаратты пайдалану мәселелеріне қатысты бірқатар негізгі баптарға өзгерістер енгізу ұсынылады. Ақпаратпен алмасу орталық кеден органдары арасында да, сол сияқты тікелей аумақтық органдарының арасында да жүзеге асыруды көздейтін ережелер енгізілді. Заң жобасын қабылдау кедендік бақылаудың тиімділігін көтеруге, кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін барынша азайтуға, ТМД елдері кеден органдарының қызметін үйлестіру мен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деді Ә. Смайылов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ТМД, Парламент, Кеден, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT