ТМД елдері басшылары Астанада қандай құжаттарға қол қойды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ТМД елдері басшыларының Астанада қандай құжаттарға қол қойғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саммитте қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық бағдарламасын бекітті. Саммиттің тағы бір құжаты - мемлекет басшыларының климат саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі болды. Онда климат мәселелсінде ТМД елдерінің бірлескен іс-қимылдары маңызды екені атап өтілді. ҚР Президентінің бастамасы бойынша ТМД-дағы байқаушылар мен серіктестердің мәртебесін белгілеу туралы құжаттарды дайындау жұмысы басталады. Бұл достастықтың жұмысына басқа елдер мен халықаралық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ТМД адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы жаңа ереже қабылданды», - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінгі саммит аясында екі халықаралық шартқа қол қойылған.

«Бұл - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін құру туралы келісім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық туралы келісім», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Соңғы жаңалықтар