ТМД-да әскерилердің жалақысы бойынша Қазақстан бірінші орында - ирандық БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Рarstoday ақпараттық порталы ТМД елдеріндегі әскери қызметшілердің жалақыларын салыстырып шықты. деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақала «Қазақстан әскерилерге жалақы төлеуден рекорд жасады» деп аталады.

Ирандық сайт Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ақпаратына сілтеме жасай отырып, еліміздің қарулы күштері қызметкерлеріне төленетін жалақыны көршілес ТМД елдерімен салыстырады.  

«Қазіргі таңда қазақстандық әскерилердің жалақысы ТМД елдеріндегі басқа әріптестерінің жалақысымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары саналады. Мысалы, Қазақстандағы 5 жыл тәжірибесі бар лейтенант дәрежесіндегі әскери 590 доллар алатын болса, Ресейде 550 доллар, Өзбекстанда 360 доллар, Беларусьте 300 доллар, Украинада 260 доллар, Тәжікстанда 103 доллар көлемінде жалақы алады», - деп жазады ирандық ақпарат көзі.

Аталған портал еліміздің Тәуелсіздігі мен Қарулы күштердің 25 жылдығына орай ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ҚР Қорғаныс министрлігі, Қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық гвардия қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өскенін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар