ТМД-да әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелері Мәскеуде талқыланды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына қатысты. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс ведомствосынан мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесу барысында ТМД мемлекеттері штабтарының басшылары қазіргі заманғы міндеттерді ескере отырып, әуе шабуылына қарсы бірлескен жүйені одан әрі дамыту мәселесін пысықтады. Сондай-ақ әлемде қалыптасып отырған әскери-саяси жағдайға қатысты пікір алмасып, Достастық мемлекеттерінің қауіпсіздігіне қатерлер мен қауіптерді талдады.

Отырыс қорытындысы бойынша 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастықты дамытудың концептуалдық негіздері бекітілді, аэроғарыштық қорғаныс міндеттерін шешу үшін бірлескен әуе қорғанысы жүйесін бейімдеу жолдары келісілді және келесі жылға бірлескен іс-шаралар белгіленді.

Кездесу барысында ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Ресей мен Армения Қарулы Күштері Бас штабтарының бастықтары, армия генералы Валерий Герасимов пен генерал-лейтенант Артак Давтянмен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар әскери ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басымдықтарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар