ТМД байқаушылары сайлауға қатысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау процесін ТМД Парламентаралық Ассамблеясы атынан 61 байқаушы қарап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы сайлауды ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде екенін байқадық. Біз Қазақстандағы сайлауға келген сайын, елде оңтайлы қадам жасалып жатқанын сеніммен айтамыз. Бүгінгі сайлауда да жақсы қорытындыны жариялаймыз деп үміттенемін. Біз саяси партиялардың барлығымен танысып, кездесу өткіздік. Сонымен қатар осы процеске араласып жатқан саяси қайраткерлермен, азаматтармен көп сөйлестік», - деді ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобының үйлестіруші Вагаршак Акобян елордадағы №110 сайлау учаскесінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол дауыс беру заң талаптары аясында өтіп жатқанын айтты.

Бұдан бөлек, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий осыған дейін байқаушылар тобы әлемнің бірқатар елінде болғанын, осы орайда Қазақстанға тәжірибелі мамандар келгенін айтты.

«Біздің Қазақстандағы тобымызда 61 адам қамтылған. Бұл тұрғыда объективті қорытынды жасай аламыз. Таңертең біз сайлау учаскелерінің ашылуына бардық. Сайлау учаскелерінде дауыс беру және дауыстарды санау аяқталғанша біздің байқаушылар болады. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды санағаннан кейін, біз де өз тиісті мәлімдеме жасаймыз», - деді Д. Кобицкий.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.


Соңғы жаңалықтар