ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының шақыруымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлауына ТМД-дан байқаушылар миссиясы келді және 21 желтоқсанда оның штабы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті. Бұл жайында аталған миссияның штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламенттік сайлауды байқау аясында 21 желтоқсан күні ТМД Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевпен кездесті. Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының алдағы сайлауымен байланысты мәселелер талқыланды. Берік Имашев соңғы жылдары сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер, сайлауды дайындау барысындағы сайлау комиссиясының қызметі, сайлауалды науқан барысы жайында ақпаратпен бөлісті.

Өз кезегінде, В.Гуминский миссия қызметі Қазақстанның сайлау заңнамасына сай өтетіндігін, сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы жалпы танылған ұстанымдар мен халықаралық құқық нормаларын негізге ала отырып тәуелсіз әрі дербес болатындығын айтты.

Сонымен қатар В.Гуминский ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықовпен кездесіп, тараптар сайлау процесімен, сонымен қатар ТМД байқаушылар миссиясының жұмысын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді қарастырды. Бұл орайда Марат Сыздықов сыртқы саяси ведомство ұлттық заңнама аясында халықаралық байқаушылардың жұмысына жәрдем беретіндігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар