ТМД атқарушы хатшысының лауазымы өзгеретін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі саммитінің шағын отырысында ТМД атқарушы хатшысының лауазымын ТМД бас хатшысы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев самитттің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен қол қою рәсімі өтіп жатқан кезде сіздерге шағын форматта ТМД атқарушы хатшысының лауазымын ТМД бас хатшысы деп қайта атау туралы талқылағанымызды мәлім ете кетейін», - деген Қазақстан басшысы бұған дейін АӨСШК мен Шанхай ынтамқтастық ұйымы атқарушы хатшыларының лауазымы да өзгертілгенін еске салды.

«Осы мәселе бойынша сөйлеген сөзімде мен осындай ұсыныс айттым. Өйткені кеше біз АӨСШК атқарушы хатшысының лауазымын бас хатшы лауазымына қайта атау туралы шешім қабылдадық. Бұдан бұрын ШЫҰ атқарушы хатшысының лауазымы да бас хатшы лауазымы болып өзгертілді. Негізі атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыру мәселесі маңызды. Оның үстіне Сергей Николаевич Лебедев туралы айтылып отырғандықтан, ол адам ТМД-ның Бас хатшысы сияқты лауазымына әбден лайық деп ойлаймын. Бас хатшы лауазымының өзі белгілі бір дәрежеде, жалпы ұйымымыздың мәртебесін едәуір арттыратыны анық»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар