ТМД: Астана мен Алматы саяхатқа қолайлы ТОП-10 қаланың қатарына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТурСтат аналитикалық агенттігі ресейлік туристер үшін күзде саяхаттауға қолайлы Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығының ең танымал қалаларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттікке сілтеме жасап.

Астана күзгі саяхатқа ыңғайлы ТМД қалаларының алғашқы үштігіне енді.

Минск, Астана, Баку, Ереван, Ташкент, Алматы, Бішкек, Кишинев, Душанбе және Ашхабад қалалары ресейлік туристер арасында танымал ТМД қалаларының алғашқы ондығынан табылды.

ТурСтаттың мәліметтеріне сәйкес, туристер Қазақстан астанасына орташа есеппен 2,5 күнге саяхаттап, тәулігіне 80$ жұмсайды екен.

Рейтинг 2018 жылғы күз мезгіліндегі танымал туристік сапарларды талдау нәтижелеріне сәйкес жасалды.

Күзгі саяхатқа қолайлы ТМД-ның 10 қаласы:

1. Минск (Беларусь)
2. Астана (Казақстан)
3. Баку (Әзербайжан)
4. Ереван (Армения)
5. Ташкент (Өзбекстан)
6. Алматы (Казақстан)
7. Бішкек (Кырғызстан)
8. Кишинев (Молдова)
9. Душанбе (Тәжікстан)
10. Ашхабад (Түрікменстан)

Соңғы жаңалықтар