ТМД арасында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылаудың бірегей жүйесі құрылады

None
None
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

 Аталған келісімге сәйкес, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылаудың бірегей жүйесі құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ратификациялауға жататын бұндай келісімге 2008 жылғы қарашаның 14-інде Кишинеу қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен қол қойылған. Келісімнің мақсаты ТМД ұйымына қатысушы мемлекеттер аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауды жүзеге асырып, ақпарат алмасу жолымен күштерді жұмылдыру болып табылады. Сонымен бірге, құжат аясында қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрліктері нысанында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалауының біріккен жүйесін құру шаралары көзделеді. Бұндай біріккен жүйе аясында бірлескен тұрақты бақылау мен әрбір мемлекет аумағындағы жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруі туралы ақпарат алмасу қарастырылады. Мамандардың пікірінше, осы Келісімді ратификациялау еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар