ТҚЖБ Жилстройбек есімді бала туралы ақпаратты тексерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін Әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс мессенджерлерінде Жилстройбек есімі берілген сәбидің туу туралы куәлігінің фотосы пайда болғаны туралы жазылған еді.

Ата-ана мұндай есімді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен баспаналы болғаннан кейін қойғаны айтылды. Алайда банктің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ермек Болтаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ол ақпаратты жоққа шығарды.

«Бас кезінде ондай жаңалықты естігенде өзіміз де қызығып кеттік. Содан ол куәліктің түпнұсқалығын, ата-аналары бізде тіркелгенін, не тіркелмегенін тексердік. Ақырында фейк болып шықты. Біз ол куәліктің қайдан шыққанын да біліп алдық. Ол адамдардың аты-жөнін айта алмаймын. Олар Шымкентте тұрады. Өздерінше әзілдегісі келгені ғой», - деді Е.Болтаев.

Департамент басшысының айтуынша, банк бұндай PR-шараны алдын ала ойластырып жасамаса да, жалған куәліктің фотосы ғаламтор арқылы жылдам тарап кеткен.  

Айта кетейік, фотода туу туралы құжаттың ОңтүстікҚазақстан облысы Шымкент қаласында берілгені көрініп тұр. Жилстройбектің тегі - Батырбек. Әкесінің аты - Еркебұлан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлеуметтік желілер арқылы таралған құжаттың түпнұсқалығы расталмаса да, ғаламтор қолданушылары бұл жаңалықты әжуаға айналдырып үлгерді. 

Соңғы жаңалықтар