Тізгінді сауатты саясаткер ұстауы керек болды - сарапшы Тасмағамбетовтің жаңа лауазымы туралы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Марат Шибұтов Иманғали Тасмағамбетовтің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшылығына тағайындалуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы ұйымның басшылығына жай ғана әскери адам емес, сауатты саясаткер қажет болғанын айтады.

«

Неге мұндай тағайындау болды? Мұның 4 себебі бар. Біріншіден, кезектілік тәртібі бойынша алдағы 3 жылда Қазақстан өкілі ұйымның бас хатшысы болуы керек. Екіншіден, қазір ҰҚШҰ-ның негізгі проблемасы Армения мен Әзербайжанның арасындағы кикілжің болып тұр. Қайта-қайта атыс болып, Арменияның ел болып қалуына қауіп төне бастады. Саяси тұрғыдан алғанда Арменияның мүддесін қазақ қорғағаны керек. Сонда әзербайжандықтардың ұстанымы жұмсақтау болады

», - деп жазды саясаттанушы.

Сарапшы бұған дейін ұйым тізгінін ұстаған тұлғалардың ешбірінде Иманғали Тасмағамбетовтікіндей саяси тәжірибе болмағанын, оның бір кездері Қазақстан Премьер-Министрі, Президент Әкімшілігінің басшысы болғанын еске салады.

«

Қазір ҰҚШҰ үшін қиын кезең болып тұр. Сондықтан, хатшылықта жай ғана әскери адам емес, сауатты саясаткер болғаны керек. Ал, төртіншіден, Тасмағамбетовтің Қазақстанның Қорғаныс министрі болған тәжірибесі бар және Ресеймен байланысы өте жақсы. Бұл байланыс Сергей Громовтан Рамзан Кадыровқа дейін кетіп жатыр. Бұл – өте маңызды. Өйткені, Ресей – ҰҚШҰ-ның негізгі мүшесі және үйлестіруші мемлекет

», - деп жазды Марат Шибұтов.

Бұған дейін хабарланғанындай, Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар