«Титаник» жолаушысының хаты аукционда 12 мың долларға сатылды

None
Фото: EPA-EFE/ Santiago Carbone
БУЭНОС-АЙРЕС. ТАСС – ҚазАқпарат - «Титаник» жолаушысының лайнер бортында жазылған хаты Уругвайдағы аукционда 12 мың долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

EFE агенттігі жұма күні мәлім еткендей, 1912 жылы 11 сәуірде жазылған хатты ағасына уругвайлық Рамон Артагавейтия Гомес жазған. Бұл хат «Титаниктің» соңғы аялдамасы – Ирландиядан жолданған. Бұдан әрі лайнер Атлант мұхитынан өтуге аттанып, апатқа ұшарады. Zorilla аукцион үйінің сайтында жазылғандай, кейін Артагавейтия Гоместің ағасы хаттың бір бетіне былай деп жазып қойған: «Менің сүйікті ағам Рамонның маған жазған соңғы хаты. Үш күннен кейін «Титаник» апатқа ұшырады, ол суға батып кетті«.

Infobae интернет-порталының хабарлауынша, лот бастапқы бағасына сатылды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.

«Титаник» 1912 жылғы сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні айсбергпен соқтығысып, суға кетті. Ұлыбританияның Саутгемптон қаласынан Нью-Йоркке дейінгі алғашқы рейсіне шыққан кемеде барлығы 2224 адам болды, олардың 1513-і қаза болды. Кеме сынықтары 1985 жылы Канаданың Ньюфаундленд жағалауынан 600 км қашықтықта 3,8 км тереңдікте табылды.


Соңғы жаңалықтар