Тіс емдету үшін зейнетақы жинағын алу қалай қадағаланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тіс емдеу үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, тіс емдеуге арналған құжаттар пакетінде клиникамен келісімшарт және төлем шоты бар.

«Көрсетілетін қызметтер ішінде ең қымбат процедура – имплантация да бар. Шын мәнінде, протездеуді, швейцариялық немесе израильдік импланттың болуын және 17-18 имплант болатынын ескерсек, 17 млн теңгеге берілген чек те шынайы бола алады. Біз тіс пен жаңа имплантаттардың санын тексере алмаймыз. Сондықтан тіс емдеуді өзі үшін маңызды деп санаған салымшыға сенім артамыз. Мен де бұл бастаманы қолдаймын. Өйткені тіс – асқазан-ішек жолына, көңіл-күйге, оның ішінде сыртқы пішінге әсер ететін өте маңызды фактор. Сондықтан адамдар төлем шотын алып келіп, бізге алғыс айтып жатыр. Біз де бәрі заңды жолмен жасалып жатқанын көріп отырмыз», - деді Ләззат Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Ләззат Ибрагимова баспана бағасына қатысты болжамдарын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар