Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Тіркелмеген телефондарға ұялы байланыс қосылмайды - Дәурен Абаев

2018 жылғы 16 мамыр 11:36 465
Бөлісіңіз:
Тіркелмеген телефондарға ұялы байланыс қосылмайды - Дәурен Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ІІМ: Сынның астында қала бермей, сенімге ие болғымыз келеді Үкімет «қарапайым заттар экономикасын» дамытудың жаңа тетіктерін мақұлдады

Министрдің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын ұялы телефондарды тіркеудің жаңа ережелері қабылданған болатын. Содан бері арнайы ақпараттық жүйе әзірленді. Оны іске асырудың арқасында ұялы телефондардың ұрлығын айтарлықтай азайтуға болады. Себебі ішкі істер органдары ұрланған телефонды IMEI-код арқылы бірден бұғаттай алады.

Тіркелмеген телефондарға ұялы байланыс қосылмайды - Дәурен Абаев 

«Дегенмен, IMEI-кодтың көмегімен телефон иесін анықтау қиын болып тұр. Ал жаңа норманы толыққанды іске қосу үшін IMEI-кодты адамның жеке сәйкестендіру нөмірімен, сондай-ақ телефон нөмірімен байланыстыру қажет. Осылайша, ұялы байланыс пайдаланушылары 2018 жылдың аяғына дейін өз құрылғыларын тіркеп қоюы қажет. Себебі 2019 жылы 1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді», - деді Д.Абаев xалыққа есеп беруі кездесуінде.

Тіркелмеген телефондарға ұялы байланыс қосылмайды - Дәурен Абаев 

Министрдің сөзіне қарағанда, IMEI-кодтардың базасын жасақтау кезінде Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан сияқты мемлекеттердің тәжірибесі ескерілді.

«Әрине, ұялы телефондарды тіркеуге қатысты xалық арасында дүрлігу туындауы мүмкін. Оны да жақсы түсінеміз. Сол себепті телефон тіркеудің онлайн қызметін іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT