Тіркелмеген нөмірлерді ажырату қоғам қауіпсіздігі үшін қажет - А.Жұмағалиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұялы байланыс нөмірлерін міндетті тіркеу халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің, партияның Сайлауалды тұғырнамасының «Инновациялық» экономика бағыты бойынша сараптамалық топтың бірлескен отырысында айтылды.

Ұялы операторларда барлық нөмірлерді тіркеу мәселесіне тоқталған ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі: «Бұл бағыттағы шаралар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Телефонды пайдалану үшін оның тиісті тіркеуі болуы керек. Бұндай норма бұрыннан бекітілген. Бұл мәселені реттеу үшін ұялы байланыс операторларына тіркеу мерзімі ұзартылды. Бұл құқық қорғау органдары жұмысы мен жалпы қоғам қауіпсіздігі үшін қажетті шара. Атап айтқанда, бұндай жұмыстар халықаралық тәжірибемен нақтыланған», - деді.

Осы орайда ол абонеттер тұрғысынан алып қарағанда, олардың құқығы бұзылмайтындығын атап өтті. Егер де барлығы тіркелмеген нөмірлерді рәсімдейтін болса, азаматтар ұялы байланыс қызметін пайдалануды жалғастырады. А.Жұмағалиев нөмірлерін тіркемеген абонеттер үш пайыздан аспайтындығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ұялы байланыс операторларының ресми сайттарында сим-карталар жеке тұлғаның атына рәсімделмеген жағдайда биылғы 1 желтоқсаннан бастап бұндай абоненттерге қызмет көрсету тоқтатылатыны жайында ескертулер жасалған.

«ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 2014 жылғы 10 қазандағы талабы бойынша, тіркелмеген абоненттік нөмірлерді пайдаланушылар 2014 жылғы 30 қарашаға дейін осы нөмірлерді рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады. Жоғарыда аталған талапқа сай, тіркеу мәліметтері жоқ абоненттік нөмірлерге 2014 жылғы 1 желтоқсанннан бастап ұялы байланыс қызметін көрсету тоқтатылады. Абоненттік нөмірлерді тіркеу мәселелері бойынша шұғыл түрде операторлардың сату және қызмет көрсету кеңсесіне хабарласу керек»,- делінген ұялы байланыс операторы мәліметтерінде.

Соңғы жаңалықтар