Тіркелмеген дәріні саудаға салған кәсіпкердің ісі сотта қаралды - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәрілік затты заңсыз айналымға салған кәсіпкердің ісі сотта қаралды. Оған елімізде тіркелмеген «Протефлазид» дәрісін саудаға салған деген айып тағылды , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жеке кәсіпкер Г.Х. заңсыз саудамен айналысу әрекеті сала мамандарымен анықталып, толық дәлелденген. Оның үстінен әкімшілік іс қозғалып, іс Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Сотта құқық бұзушы өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты. Сот шешімімен кәсіпкер келіншек Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшлік жаза ретінде 424 200 теңге айыппұл салынды. 

Соңғы жаңалықтар