Тіркелген коронавирус жағдайларының 80 пайызы «омикрон-стелс» түріне жатады – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Қазақстанда тіркелген коронавирус жағдайларының 80 пайызы «омикрон-стелс» түріне жатады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният астанада өтіп жатқан Халықаралық нейрохирургия форумының кулуарында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың аяғынан бастап бүкіл дүниежүзінде таралып келе жатқан «омикрон» штамының біздің елде де таралуы байқалып отыр. Сол «омикрон» штамының «стелс» түрі кеңінен тарап жатыр. Біз өзіміз ай сайын генетикалық зерттеулер жүргіземіз. Оны да сіздер білесіздер, хабарлап тұрамыз. Соңғы зерттеулердің қорытындысы тіркелген жағдайлардың 80 пайыздайы «омикрон-стелс» түрі екенін көрсетіп отыр», - деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ол елде эпидемиологиялық статистиканың өсуіне байланысты маска режимін енгізу қаншалықты мүмкін екені туралы пікір білдірген болатын.

«Өздеріңіз білесіздер, елімізде эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын матрица бар. Егер өңірлеріміз «жасыл» немесе «қызыл» аймақтарға енсе, тиісті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қолданылады. Қазіргі жағдайда «жасыл» аймақта болғандықтан ондай шаралар жоқ. Ал егер «сары» аймаққа кірген кейбір өңірлерде ауру-сырқау көбейіп, қандай да бір қауіп-қатер туындаса, министрлік тарапынан саниталық-эпидемиологиялық дәрігердің тарапынан шаралар қолданылады. Бүгінгі таңда алаңдауға негіз жоқ. Бірақ алдағы күнімізді ойлап, қандай да бір шараларды жоспарлап қоямыз», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Соңғы жаңалықтар