+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Тіріліп кеткен галерея: Елордалық motion дизайнер ерекше роликті қалай әзірлегенін айтып берді

2020 жылғы 3 маусым 19:49
Бөлісіңіз:
Тіріліп кеткен галерея: Елордалық motion дизайнер ерекше роликті қалай әзірлегенін айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде тарап кеткен «Тіріліп кеткен галерея» ролигінің авторы Алмаз Дүйсебаев ерекше видеороликті қалай әзірлегенін айтып берді. Заманның жаңа технологияларымен роликтің түр-түрін әзірлейтін motion дизайнер ҚР Президенті Телерадиокешенінде еңбек етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшеге серуендеуге шыққан кезде басыма осындай идея келді. Көк шынылы үйлерді көргенімде осындай бір туынды шығарса деген ойға беріліп кеттім. Жұмыс уақытынан тыс үйіме барғаннан кейін идеямды іске асырдым. Суреттерді тірілтіп көруге тырыстым. Үйлерде бейнеленген сол суреттерді неліктен тірілтпеске деп толғандым», - дейді Алмаз Дүйсебаев.

Дизайнер тағы бір қызықты жобаны қолға алыпты. «Қазақстан темір жолы» орналасқан елордадағы «Кітап» аталып кеткен ең биік ғимараттардың бірін төбеден фотосуретке түсірген. Осыдан кейін қаладағы сол ғимаратты Абайдың кітабы секілді бейнелеп, жуық арада әлеуметтік желіге таратпақ.

«Шабыт келсе мұндай туынды бірден жарыққа шығады. Кеше кешкі сағат жетіде «Тіріліп кеткен галерея» ролигін таратып жіберген едім. Үйіме келсем шағын ролик бірқатар пабликтерді аралап кетіпті. Бір сағаттың ішінде ақпараттық порталдарда да жарияланып кеткен екен», - дейді ролик авторы.

ҚР Президенті Телерадиокешенінің motion дизайнері алдағы уақытта видеороликтерді өңдеп, шығармашылық жұмысты жалғастыра бермек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT