+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Тірі туған сәбиді өлі деп хаттама жасаған шенеунік айыппұл төледі

2020 жылғы 2 сәуір 16:15
Бөлісіңіз:
Тірі туған сәбиді өлі деп хаттама жасаған шенеунік айыппұл төледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облыстық патологоанатомия бюросының бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы» мемлекеттік кәсіпорын директорының міндетін атқарушы И.Молдағалиевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туылған нәрестені өлі туған деп көрсетіп, патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына көрінеу жалған ақпарат енгізу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған деген күдік болды», - деді ол.

Аға тергеушінің дерегінше, осы жылдың 28 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И.Молдағалиевке 1 325 500 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

«Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды», - деді Данияр Биғайдаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT