+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Тірі қалады деуге әлі ерте: Дәрігерлер күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты

2019 жылғы 15 қазан 16:47
Бөлісіңіз:
Тірі қалады деуге әлі ерте: Дәрігерлер күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты дәрігерлері күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы қалай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйелдің беті бері қарады Дәрігерлер күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты

«Науқастың реанимация бөлімшесінде жатқанына 9 күн болды. Жағдайы өте ауыр, күйген кезде алған қорқыныштан арылды. Гемодинамикасы тұрақсыз. Өмірлік маңызды органдардың қызметі дәрі-дәрмектің күшімен жұмыс істеп тұр. Болжам күмәнді, жағдайы жақсарып келе жатқан жоқ. Тірі қалу мүмкіндігі жайында айтуға әлі ерте», - дейді анестезиология, реанимация және қарқынды терепия бөлімшесінің дәрігер-реаниматологы Ербол Төлгенұлы.

Оның атап өтуінше, науқас зонд арқылы тамақтанады, өкпесі жасанды жолмен тыныс алуда.

«Қазір біз оған ешкімді кіргізбей отырмыз, қайтадан инфекция жұға ма деп қорқамыз. Ол оқшауланған. Туған-туыстары келіп жағдайын біліп тұрады. Біз түсіндіріп айтамыз. Ол ес-түссіз жатыр, өмірі жасанды жолмен аппарат арқылы қамтамасыз етілуде», - деді ол.

Бұған дейін елордалық азаматтың отбасылық жанжалдан соң әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT