Тимур Жақсылықов валюта бағамына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта валюта бағамы тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтін болады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банк қажетті шараны қабылдады, оны көріп отырсыздар. Бүгін таңертең ақпарат таратылып, сауда-саттық қалай жүргізілетіні жарияланды. Менің ойымша, бастапқы кезеңде қандай да бір спекулятивті реакция болса да, кейіннен бағам тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтін болады», - деді Тимур Жақсылықов Мәжілісті тілшілер сауалына жауап бере отырып

Бұдан бұрын хабарланғандай , Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

«Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар