Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», - делінген Елбасының Жарлығында. 

Т. Жақсылықов  1968 жылы туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1993) тарихшы мамандығы бойынша; Саяси зерттеулер институтының (Страсбург қаласы, Франция) магистратурасын (1997) еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша; Қазақ экономика және қаржы институтын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры болып бастады.

1997 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы.

1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі.

1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі.

2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары.

2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры.  2004 жылдан - Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ҚР Индустрия және сауда министрлігі өкілдер тобының басшысы.

2005-2006 жылдары -«Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ (Алматы қ.) басқарушы директоры.

2006 жылдан - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры.

2007 жылдан - «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.

2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары.

2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.

2010-2012 -  ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2014 жылдың 13 тамызынан ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары.

2017 жылдың 14 сәуірінен Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі.

Соңғы жаңалықтар