Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын басқарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің шахмат федерациясына жаңа президент сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тимур Турловтың Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланғаны туралы ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі растады.

Тимур Русланович Турлов 1987 жылы 13 қарашада Мәскеуде дүниеге келген.

Кәсіпкер, қаржыгер және Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы.

2022 жылы маусым айында Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.

Еске салсақ, Тимур Турлов – Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерінің ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде болған құрметті қонақтардың бірі.


Фото: Informburo.kz


Соңғы жаңалықтар