+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тимур Сүлейменов сөгіс алған министрлік өкілдеріне қатысты түсінік берді

2018 жылғы 13 қараша 15:44
Бөлісіңіз:
Тимур Сүлейменов сөгіс алған министрлік өкілдеріне қатысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов вице-министр Серік Жұманғарин мен монополияға қарсы комитет басшысы Азамат Майтиевке сөгіс жариялануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осындай шешімдерді мемлекеттік қызметшілер ауыр қабылдайды. Әрине, олар жұмыстарын жалғастырады, себебі олар өз саласының білікті мамандары. Дегенмен де олардың тарапынан орындалмай қалған кейбір жағдайлар бар. Сөгіс жариялаудан кейін оның салдары болады, яғни аталған қызметшілер барлық сыйлықақылардан қағылады. Ал бұл сыйлықақылар негізінен жылдың соңында қомақты деңгейде есептеледі», - деді Т. Сүлейменов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Осы орайда ол жарияланған сөгіс саны екеуге жетсе, онда мемқызметші жұмысынан босатылатынын атап өтті.

«Оларда жағдайды түзетуге барлық мүмкіндік бар. Егер де шенеунік қателіктерін түзетсе, онда аталған сөгістің күшін жоюға болады. Бұл мәселеде қазіргі кезде оларға қаржылық тұрғыдан да айтарлықтай қиын болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Елбасы тариф саласында орын алған кемшіліктерге байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады.

Ал бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин сөгіс алғандығы белгілі болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT