Тимур Сүлейменов көрші елдермен саудаға кедергілер туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда-саттық кезіндегі кедергілерді жою шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕАЭО аясында тауарлардың еркін айналымы мәселесін шеше отырып, тараптар ішкі нарықта кедергілерді жою бойынша бірлескен жұмыстарды атқаруда», - деді министр Сенаттағы ЕАЭО-дағы Қазақстанның сауда саясатын іске асыру мәселелері туралы Үкімет сағатында.

Т. Сүлейменовтың атап өтуінше, бүгінде 70 кедергіден тұратын тізім айқындалды. Оның ішінде 45-і екі немесе одан көп елдермен арада. Нақтырақ айтқанда, кедергілердің 9-ы Ресейде, сондай-ақ Қазақстанға - 5, Беларуське - 6, Қырғызстанға - 3, Арменияға 2 кедерге тиесілі.

«Оларды жою мақсатында 2018-2019 жылдарға арналған ЕАЭО-ның ішкі нарығында шектеулерді жою бойынша Жол картасы бекітілді», - деді ведомство басшысы.

Осы орайда ол Жол картасы шараларын орындау кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар