Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Тимур Сүлейменов Қазақстан экспорттайтын тауарларды атады

2018 жылғы 13 қараша 11:39 462
Бөлісіңіз:
Тимур Сүлейменов Қазақстан экспорттайтын тауарларды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. 2018 жылдың алғашқы 8 айында 21,6% (59,8 млрд АҚШ доллары) өсім байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады Солтүстік Қазақстанда айына 500 тонна сұйық сабын шығарылады

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасында айтты.

«Экспорт 28,2% (39,1 млрд АҚШ долларына) өсті. Бұл мұнайды (45,4%), агроөнеркәсіп кешені өнімдерін (30,1%), мұнай газдарын (30,2%), алюминийді (24%) және мыс кендерін (12,5%) жеткізудің артуына байланысты», - деді министр Үкімет отырысында.

Өз кезегінде импорт 10,8% (20,8 млрд АҚШ долларына) өсті. Көбінесе ол импортталатын инвестициялық тауарлар (машина және жабдықтар) есебінен өскен.

«Инвестициялық тауарлар импортының өсуі 20,4% құрады. Сондай-ақ, қара метал және фармацевтика өнімдерінің импорты тиісінше 15,8% және 13,6% өсті», - деп өз сөзін толықтырды Т. Сүлейменов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT