+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тимур Мұратов: Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қиын

2021 жылғы 22 шілде 12:59
Бөлісіңіз:
Тимур Мұратов: Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қиын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал былтыр жаздағы үрейлі кезеңнен де күрделі қалыпқа жеткен. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдіктің онлайн брифингінде осылай айтып, халықты вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ұсталған медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан QazCovid-in вакцинасы бес дозаға дейін құйылады – Жаңа Қаулы Елордадағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты тағы өзгереді – қаулы

«Бүгінде елордада 320 мыңнан астам адам вакцинаның бір компонентін алды. 206 мыңнан астам азамат толықтай иммунизацияланды. Халықты вакцинамен қамту үшін біз медициналық ұйымдардағы егу пунктерінің санын 3 есе көбейттік. Олардың жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда таңғы 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды», - деген басқарма басшысы халықты вакцинациямен толық қамту үшін Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, СарыАрқа, Евразия, Мечта дүкені сияқты сауда-ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істеп тұрғанын еске салды.

«Осы уақыт аралығында сауда және ойын-сауық орталығында барлығы 50 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Құрметті азаматтар! Өкінішке қарай, алып отырған эпидемиологиялық жағдай қорқынышты десек қателеспеспіз. Өткен жылдың жазымен салыстырғанда, одан да күрделі. Қарапайым профилактикалық талаптарды сақтасақ, қоғамдық жерлерге көп барудан бас тартсақ жағдай түзілер, алайда оны әркім түсіне бермейді. Бір жарым жылдың ішінде вируспен күресіп келеміз. Барлық жасап жатқан шаралар халық денсаулығы үшін. Эпидемиологиялық ахуал оң шешімін алу үшін халық вакцинациялау қажет. Тек бірлікте иммундық жүйе қалыптасады, осыны жадымызға сақтап алғанымыз жөн», - деді Тимур Мұратов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT