Тимур Мұратов елорда тұрғындарына коронавирус вакцинасын салдыруға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қала тұрғындарын коронавирус вакцинасын салдыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға вакцинация және ревакцинация бүгінгі таңда COVID-19-дан қорғанудың тиімді әдістерінің бірі екенін атап өткім келеді. Вирус мутацияға ұшырайды және адамдарда сырқаттанушылық қаншалықты ауыр түрде болатынын, оның таралуы жылдамдығын алдын ала біле беру мүмкін емес», - деді Т. Мұратов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, жалпы қала бойынша бірінші компонентпен 471 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Статистика көрсетіп отырғандай, елорда тұрғындары арасында сырқаттанудың азайғаны байқалып отыр. Себебі азаматтардың басым бөлігі иммундау курсынан өтті.

«Қала тұрғындарын вакцина салдырып, өзінің қауіпсіздігі үшін тиісті шешім қабылдауға шақырамын. Әрине, екпе салдыру ерікті түрде жүргізіледі, алайда біз дәрігер ретінде вакцина салдыру қажеттігі мен оның тиімдігі жайында түсіндіруге тиіспіз. Сондықтан вакциналау мен ревакцинация иммунитетті қорғау үшін маңызды», - деді басқарма басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тимур Мұратов қаладағы ревакциналау жұмыстары жайында түсіндірді.

Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғысы келетіндерді вакцинациялау және ревакцинациялау қаланың 31 медициналық және ведомстволық ұйымдарында орналасқан 72 екпе кабинетінде, 4 сауда үйі мен орталықтарында («Азия Парк», «Әбу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия») және «Нұрлы жол» теміржол вокзалында жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар