+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

2019 жылғы 18 қыркүйек 16:06
Бөлісіңіз:
Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында комитеттің президентін сайлау шарасы өтті. Сайлау барысында елімізде тіркелген 34 спорт федерациясының өкілдері Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.

«Барлығы 34 бюллетень болды. Жарамсыз болып қалған, қарсы дауыс берген бюллетеньдер жоқ», - деді дауыс беру нәтижесін жариялаған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Бұған дейін ел Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын ұсынған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT