Тимур Құлыбаев спорт бапкерлерінің жалақысын көтермек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда спортшылардың бапкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлердегі колледждердің базасында спорттық колледждер құру мәселесін де көтеріп отырмыз. Бұл облыстық құрамада жүрген жастардың кәсіп алып шығуына мүмкіндік жасайды. Спортпен айналыса жүріп, кәсіп меңгеру арқылы өмірге нақты жолдама алып шығады. Бапкер, мектепте мүғалім болып, секциялар жүргізе алады», - деді Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында.

ҰОК Президенті өмірлік сенімді кәсіп иесі болу үшін спорттан кетіп жатқан талантты жастардың да көп екеніне алаңдаушылық танытты.

«Біз бапкерлік мәртебелі мамандық болатындай, олар лайықты жалақы алатындай жағдай жасауымыз қажет. Жаттықтырушылардың жалақысын көтеруге бағытталған мұндай жұмысты бастап та кеттік. Бас жаттықтырушылардың жалақысын екі есеге жуық көтердік. Қалған мамандарымыз бойынша да осындай жұмыстарды жүргіземіз», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар