Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күреске 1 млрд теңге бөлді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев коронавирус эпидемиясы салдарымен күреске 1 млрд теңге бөлді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Атамекен» ҰКП сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы бөлінетін болады. Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді

Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаевтың тарапынан бұл қайырымдылыққа арналған алғашқы қаражат емес.

Еске салсақ, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев Арыс қаласына қала апаттан соң жабылған кезде бірден барды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге апат салдарынан келтірілген залал мөлшерімен танысты, содан кейін әлеуметтік маңызы бар объектілер – мектеп пен балабақшаны қалпына келтіру бойынша шешім қабылдады.

Бұл мақсатқа Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді. Аталған бастаманы Халық банкінің Halyk қайырымдылық қоры қолдады.


Соңғы жаңалықтар