Тимур Құлыбаев бюджет шығынын 150 млрд теңгеге азайту жолын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кедендік әкімшілеуді жетілдіру арқылы бюджет шығынын 150 млрд теңгеге дейін қысқартуға болады. Бұл туралы Бизнесті қорғау жөніндегі IV форумда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай әлеуетті кірісі кедендік салада жасырын жатыр. Қытай бойынша айналы кедендік статистикадағы айырмашылық шамамен 7 млрд долларды құрайды. Бұл контрафактілерді жеткізушілерге қызмет көрсететін көлегейлі сауданың негізгі себептерінің бірі», - деді Тимур Құлыбаев.

Осы ретте ол еліміздің Қаржы министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстан-Қытай шекарасындағы шығын 200 млрд теңгеден астамға қысқаратындығын айтты. Мұндай мол қаражатқа шекарадағы бақылау-өткізу пункттерін жаңғырту есебінен қол жеткізілмек.

«Бұған қоса, кедендік әкімшілеуді одан ары жетілдіру есебінен бюджет шығынын 100-150 млрд теңгеге қысқарту әлеуеті бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар