Тимур Құлыбаев бизнестің түйткілді үш мәселесін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматы қаласында билік пен бизнес арасындағы диалогтың негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін ынтымақтастық пен келісілген іс-әрекеттер туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҰКП-ның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Тараптар кәсіпкерліктің ең көкейкесті проблемаларын қарастыру және шешу, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі шараларды дайындауды бірлесе қарастырып, шешу жолдарына ортақ жоспар құрды.

Тимур Құлыбаев бизнестің ең көп тараған үш мәселесін атады. Оның айтуынша, қалалық құрылыс пен жер қатынастарына қатысты мәселе мен сатып алу, және салық органдарымен байланыс бизнес үшін түйткілді болып отыр. Аталған мәселе бойынша, өткен жылда 4 мыңнан астам шағым келіп түскен. Болашақта кәсіпкерлер ҰКП-ның оларға нақты көмектесіп отырғанын көргенде, мұндай арыз-шағымдардың саны одан да артуы мүмкін.

«Бүгінгі жасалған келісім - оңтүстік астананың бизнесі мен билігі арасындағы ынтымақтастықтың нақты тұғырнамасы. Қазіргі кезде өзара әрекеттестіктің әрі түсінікті механизмдерін жасап шығу маңызды. Отандық бизнес Ұлттық палатаның алдына нақты міндеттер қойды, оларды орындаймыз», - деді Тимур Құлыбаев. ҚР ҰКП төралқа төрағасы сондай-ақ, 2015 жылы Ұлттық палатаның құрылымдары мен Алматы әкімдігі жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша жұмысының мониторингі мен талдауын өткізуге ниетті екенін атап өтті. Сонымен бірге, аймақтық кеңестер мен аймақтық дирекциялардың қойылған міндеттерді, соның ішінде Алматыдағы бизнес-климатты жақсарту бойынша бірлескен шаралардың келісімі мен жоспарында көрсетілген міндеттерді шешу тиімділігі бойынша қызметінің бағалануы енгізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар