+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Тимур Козырев: Қазақстан – Алтын орданың тікелей мұрагері деген тарихи шындықты қайтару керек

2019 жылғы 17 қазан 11:42
Бөлісіңіз:
Тимур Козырев: Қазақстан – Алтын орданың тікелей мұрагері деген тарихи шындықты қайтару керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алтын ордада дамыған мемлекеттік аппарат жұмыс істеп тұрды. Түркі академиясының сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты Тимур Козырев елордада Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Алтын орда. Тарих пен тағылым» атты дөңгелек үстелде осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүркіт Аяған: Алтын ордаға қарыздар мемлекеттер оның тарихын зерттемей отыр Ұлыстың негізін қалаған Жошы хан: Ұлық ұлыстың атасы Алтын орданың 750 жылдығы туризмді дамыту тұрғысында тойланады - Президент

«Алтын орда – заңнама, коммуникация мен логистикасы жолға қойылған бірегей мемлекет еді. Яғни, сол тұстағы мықты мемлекеттіліктің толыққанды атрибуттары болды! Алтын орда – империялық мемлекет еді. Оның құрылым үлгісінен Ресей де көп үлгі алды», - деді Түркі академиясының сарапшысы.

Тимур Козыревтың айтуынша, Алтын ордада қаланың дамыған өркениетті үлгісі болған. Алып мемлекеттің қалаларын Алтын орданың өз хандары салғызған.

«Астана салынғанда да алып шаһар иен далада бой көтере салған жоқ. Елорда бой көтере бастағанда білікті тарихшылар Ұлы даладағы қала құрылысының ұлы баламасын көре білді. Бұл – біздің қалалық өркениет. Ұлы далада қалалық өркениет болды – бола бермек. Осымен-ақ бұл әңгімеге нүкте қоюға болады. Сонымен бірге, Алтын орда тұсында жазба әдебиет те бар еді. Дамыған мемлекеттік аппарат та жұмыс істеп тұрды. Кейінгі кезде Қазақстан тарихқа көбірек бет бұрып кеткен жоқ па деген пікірлер де айтылып жатыр екен. Алайда айналып келгенде өткенсіз болашақтың болмайтынын да ескеру керек. ХХ ғасырдың өзінде әлем елдерінің экономикалық өрлеуінің өзі де қуатты символикалық капиталдың арқасында пайда болғанын ескерген абзал. Жапониядан бастап бірқатар елдің тарихын көз жүгіртсеңіз болды. Тіпті әлем елдіріндегі миллиардерлердің 90 пайызы – династияның мұрагерлері. Мұрагерлер ата-бабасының да мықты болғанын біледі», - деді ол.

Тимур Козыревтың айтуынша, Қазақстан шынында да - Алтын орданың заңды да тікелей мұрагері.

«Георафияны, этнографияны, мемлекеттердің тарихын бәрін қарасаңыз, осыған көзіңіз жетеді. Бұл жерде тарихи шындықты қайтару керек. Ештеңені созбалаудың да, конструкциялаудың да қажеті жоқ», - деді ол.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 24 тамызында өткен «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар жұмыс жасалу керектігін атап өткен еді. Президент Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуды ұсынды. Оның айтуынша, Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT