Тимур Бекмамбетовтің жаңа фильмі қазақстандық прокатқа шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тимур Бекмамбетов пен Игорь Цайдың «Он - дракон» («Ол - айдаһар) фильмі қазақстандық прокатқа шығады. Кинокартинаның режиссері - Индар Джендубаев.

Журналистерге арналған көрсетілімге Қазақстан кинематографиясының жұлдыздары қатысты.

Фильм сюжеті айдаһарадам туралы ежелгі славян аңыздарының желісімен құрылған. Той кезінде князь қызы Мирославаны айдаһар аралдағы қамалына алып кетеді.

Басты рөлдерді жас актерлер Матвей Лыков пен Мария Поезжаева сомдаған.

3 жылға созылған түсірілім жұмыстары Болгария, Ресей, Қазақстанда жүргізілген.

Фильм 80 пайыз арнайы эффектілерден тұрады.

«Жоба ауқымды. Фильмнің 80 пайызы компьютерлік графика мен 1140 шоттан тұрады. Бұл «Властелин колец» фильмінің бірінші бөлімінен де көп. Негізгі идеясы - әр адамның ішінде айдаһар жатқанын көрсету. Картинада славян, болгар, иран халық ауыз әдебиетінің тәмсілдері келтірілген», - деді Индар Джендубаев.

Қазақстанда үлкен прокат 29 қарашада шығады.

Соңғы жаңалықтар