Тимур Бекмамбетов: Мен үшін Отанымда бұл фильмнің қазақ тілінде көрсетілгені маңызды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тимур Бекмамбетовтың «Алғашқылар дәуірі» фильмі Қазақстан кинотеатрларында қазақ және орыс тілінде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл «Bazelevs» студиясының қазақ тіліне аударылған алғашқы фильмі.

«Мен Қазақстанда туып, 17 жасыма дейін осында тұрдым. Ол кезде фильмдер қазақ тілінде мүлдем көрсетілмейтін, себебі аударылмайтын. Қазақ тіліне көп көңіл бөлінбеді, содан мен міне, осындай ана тілінде сөйлей алатын бірақ, өте нашар сөйлейтін «дұрыс емес» адам болып шықтым. Сондықтан, мен үшін көрерменнің бұл фильмді менің Отанымда тек орыс тілінде емес, мемлекеттік тілде де көргені маңызды», - деді кинокартина продюссері Тимур Бекмамбетов.

Айта кетейік, фильмге Голливуд фильмдері мен мультфильмдерін қазақша сөйлетіп жүрген тәжірибелі актерлар дубляж жасады. «Болашақ» Корпоративті қорының қолдауымен 2011 жылдан бері мемлекеттік тілде 18 шетелдік фильмге дулбяж жасалды.

«Біз қысқа уақыт ішінде Евгений Миронов, Константин Хабенский сомдаған тамаша рольдерге дубляж жасау қажет болды. Екі апта, 15-20 күннің ішінде біз ауыр жұмысты атқарып шықтық. Түпнұсқада көретін көрермендей қазақ тілінде де фильмнен әсер алу үшін дубляж актерлері экрандағы орындаушылармен қатар рөлде ойнап шығуы керек. Біз актерларымызды космоста өздері жүргендей сезінуі үшін әбден дайындадық», - деді дубляж режиссері Айжан Жамшитова.

Оның айтуынша, түпнұсқадағы мағынаны беру үшін фильм аудармасын ең мықты мамандар атқарып шыққан.

Фильм өмірде болған оқиғаға негізделіп түсірілген. Онда 1965 жылы 18 наурыз күні Алексей Леоновтің «Восход-2» кемесімен ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан тарихи оқиғасы баяндалады.

Соңғы жаңалықтар